Жастардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік жоба аясында «Жайық таңы» ҚБ 2018 жылдың 22-26 тамыз аралығында Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында теолог А.И.Раманкулов пен Н.И.Убаевтың қатысуымен Орал қаласының «Караван», «АлтынАлма» базарларында және «Мирлан» орталық базарында «Теріс діни ағымға жол жоқ!» атты акция өткізді. Шараның мақсаты – жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, еліміздегі діни тұрақтылықты сақтау болып табылады. Шара барысында деструктивті діни ағымдар және олардан сақтану жолдары, дәстүрлі діндер мен теріс ағымдардың айырмашылығы, салт-дәстүр мәселелеріне тоқталды. Қатысушыларға флайер мен буклеттер таратылды. «Мирлан» орталық базарында жастар арасында сауалнама жүргізілді.