Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен облысымыздың өнерлі жастары арасындағы «Жайық Star – 2018» шығармашылық байқауы оздырылды. Аталмыш байқау 18 номинация бойынша жарияланып, қатысушылар тарапынан 10 номинация бойынша өтініштер қабылданды. Шығармашыл талантты жастардың өнерін 15 адамнан тұратын кәсіби мамандар, өнер қайраткерлері мен республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты атанған қазылар құрамы бағалап, үздіктерді анықтады.  Қазылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рахимова Жұмағаным Әбілхалыққызы, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» Ислямғалиев Армат Жұбайұлы, Халықаралық байқаулардың лауреаты Калашникова Галина Александровна, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі», педагогика ғылымдарының магистрі Қисметов Қуаныш Лабибұлы, Халықаралық конкурстардың лауреаты, педагогика ғылымдарының магистрі Өтегенова Гүлмира Екпінқызы,  Халықаралық ән байқауларының жеңімпазы Рамазанов Мұхтар Ерболұлы, өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент Ерғалиева Айгүл Темірболатовна, Республикалық домбырашылар байқауының лаураты Губайдуллин Ербол Аманжолұлы, Республикалық домбырашылар байқауының лаураты Бектасов Ақылбек Болатұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Евразия дизайнерлер одағының мүшесі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының меңгерушісі Кайнбаева Жамиля Советовна, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі,  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры Мадиров Куандық Насихатұлы,  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға-оқытушысы, республикалық фестивальдар мен конкурстардың қатысушысы Тулегенова Сауле Утешқызы, Өнертану ғылымдарының кандидаты,  доцент Айтқалиева Қарлығаш Дайырғалиқызы, «Назерке» халық биі ансамблінің жетекшісі  Тасболатова Ақмарал Әміржанқызы, Халықтық «Ақжайық» би ансамблінің жетекшісі, республикалық байқаулардың  Давлетова Асель Ерболатқы болды.

Байқау қорытындысы бойынша «Эстрадалық ән» номинациясының       16-21 жас ерекшелігі аралығында жүлделі I орынға Ерсайынова Аэлита,             II орынға Сақтай Нұрсылтан ие болса,  жүлделі III орынға Қапсихов Қадыржан лайық деп танылды. «Халық әні» номинациясының 10-15 жас ерекшелігі бойынша жүлделі I орынды Ізмұхан Мұхамед иеленсе, II орынға Нұрлан Ақбота лайық деп табылды. Жүлделі III орынды Анурова Аяжан иеленді. Аталмыш номинацияның 16-21 жас ерекшелігі бойынша I орынмен Чарикулыева  Камила марапатталса, Жүлделі II орынды Бауыржан Ақнұр, жүлделі III орынды Хасимова Ботагөз және Еселбаева Инабат иемденді.             16-21 жас аралығында «Академиялық орындау» номинациясы бойынша жүлделі I орынға Биктимова Мадина, жүлделі III орынға Ермек Эльмира мен Өтепбергенова Назгул ие болды. Бұл номинация бойынша қазылар алқасының шешімімен жүлделі ІІ орын берілмеді. «Домбыра» номинациясының 10-15 жас ерекшелігі бойынша I орынға Нагимова Томирис, II орынға Сыйоков Дінмұхаммед ие болды. Осы номинацияның 16-21 жас ерекшелігі бойынша жүлделі I орынға Мукаримов Мирас лайық деп табылса,  II орынды Демеу Диар мен Нұржанқызы Аружан иеленді. Жүлделі III орынмен Сралиев Темірлан мен Кулатов Али марапатталды. «Қобыз – қыл-қобыз» номинациясының 16-21 жас ерекшелігі бойынша жүлделі I орынды Кимран Раушан жеңіп алса, жүлделі II орынды Адешова  Руфина иеленді. «Қобыз – прима-қобыз» номинациясының 10-15 жас ерекшелігі бойынша I орынға Манасова Рада ие болса, II орынға Талгатова Айнара, III орынға Меңдібай Әділет ие болды. «Қобыз прима-қобыз» номинациясының 16 – 21 жас ерекшелігі бойынша үздік деп танылып, жүлделі I орынға Жайғали Гүлжауар ие болды. Қазылар алқасының шешімі бойынша аталған номинация бойынша ІІ, ІІ орын берілмеді. Келесі «Баян/аккордеон» номинациясы бойынша 10 – 15 жас ерекшелігі аралығында  жүлделі I орынмен Сарамбетов Керсан марапатталды. Жүлделі II орынға Ақсай қаласының өнерпазы Мулдашева Айым ие болса, жүлделі III орынға Зеленов ауданынан Мизинов Дмитрий лайық деп танылды.  «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясының 15-18 жас ерекшелігі бойынша жүлделі I орынды Утегенова Асем иемденіп жеңімпаз атанса, жүлделі II орынды Жанболат Айназ, жүлделі III орынды Төлеуова Райхан иеленді. «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша 10-15 жас аралығында жүлделі I орынға  Ақжайық ауданынан Ли Оспан ие болды. Аталған номинация бойынша ІІ, ІІІ орын берілмеді. 16-21 жас ерекшелігі аралығында  «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша жүлделі I орынды Мукаева Аймира, жүлделі II орынды Құдайбергенова Айнур, жүлделі III орынды Бахитова Аягуль иеленді. «Халық биі» номинациясының 10-14 жас ерекшелігі бойынша жүлделі I орынға «Ғажайып» би ансамблі,  15-22 жас ерекшелігі аралығында «Салтанат» би ансамблі жүлделі I орынға ие болды. Аталған номинация бойынша жүлделі ІІ, ІІІ орын иегерлері болған жоқ. 15-22 жас ерекшелігі аралығында «Қазіргі заман биі» номинациясы бойынша жүлделі I орынды «Step up» би ансамблі, жүлделі II орынды «Diva dance» би ансамблі, жүлделі III орынды «Dalida» би ансамблі иеленді. Қазылар алқасының шешімімен қатысушылардың дайындық деңгейлеріне байланысты кейбір номинацияларда жүлделі ІІ, ІІІ орындар берілмесе, тең түскен талантты жастарға жүлделі ІІ, ІІІ орындарды екі адамға дейін марапаттады. Әр номинация бойынша байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнай кубоктар, медальдар мен дипломдар табыс етілді. Байқаудың барлық қатысушылары мен  топ жетекшілері, қазылар алқасының барлық мүшелері арнайы алғыс хатпен марапатталды.