Ағымдағы жылдың  15-18  қазан күндері Батыс Қазақстан облысының  жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Ақиқат» пікір-талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі  өңірімізде пікірсайыс қозғалысын дамытуға арналған «Зеленов, Бөрлі, Қаратөбе, Шынғырлау, Тасқала аудандарында семинар-тренинг өткізді.  Семинар-тренинг барысында мектеп оқушыларына пікірсайыстың шығу тарихы, «АПФ» форматының ережесі арнайы слайд арқылы түсіндірілді. Семинарға қатысушылар сұрақтарын қойып жан-жақты мысалдар арқылы толыққанды жауап алды. Көрермендердің таңдауы бойынша арнайы тақырып анықталып, семинар-тренинг көрсетілім ойындарымен жалғасын тапты. Шара соңында семинар-тренингті жүргізген спикерлер алдағы уақытта өткізілетін облыстық, республикалық пікірсайыс турнирлері жөнінде ақпарат беріліп, 27 қазан күні мектеп оқушылары арасында өткізілетін турнирге шақырды. Қазақ және орыс лигалары бойынша өткізілген әрбір семинарға 50-ден астам оқушылар қатысты.  Аталмыш шараның басты мақсаты еліміздегі жастар саясатын жүзеге асыру, облысымызда пікірсайыс қозғалысын дамыту, жастардың саяси көзқарасын қалыптастыру, білімді, көшбасшы жастар қатарын арттыру.