2018 жылдың 05 мамыр күні «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі, Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясында облыс жастарының қатысуымен Орал қаласының орталық демалыс саябағында «Отан қорғаушылар» күніне орай жастарды отан қорғауға шақыру мақсатында жастар акциясын өткізді. Шараға жоғары және арнаулы орта оқу орындарының жастары және тағы басқа белсенді жастардан жалпы саны             300-ден астам жастар  қатынасты. Шара барысында жастарға спорттық шаралар ұйымдастырылып, акция соңында белсенді жастар флеш-моб көрсетті.