Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі «Өңір жастарының қоғамдағы құқықбұзушылыққа төзбеушілік және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Жастар бақылауы» жобасын жүзеге асыру» әлеуметтік жобасы аясында 2018 жылдың 19-20 қазан күндері спорттың арқан тартыс, қол күресі және кір тасын көтеру түрлерінен спорттық сайыстар өткізді.Шараға жалпы саны 100-ден аса сотталушы жастар белсенділікпен қатысты.

Сайыстың негізгі мақсаты түзеу мекемесіндегі жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, өмріге деген қызығушылықтарын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.

Шара қорытындысында сайыс жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.