Бүгінде еліміз мақсатының ұлылығы, мұратының ізгілігінің арқасында қазақтың айдарынан жел естіртіп, абыройын асқақтатып, жаһандық қауіпсіздіктің алтын діңгегіне айналып келеді. Жастар еліміздің тірегі – жарқын болашағы. Жастарға әрқашан қолдау көрсету, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мемлекетіміздің негізгі мақсаттарының бірі. 2014 жылыдан бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жастар мәселесіне арнап, жастардың техникалық-кәсіптік мамандық алуына көмектесу, оларды жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз ету, жастарды адал еңбекке ынталандырудың жолын табу мақсатында арнайы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» –  «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы қабылданған болатын. Аталған жоба негізінде қазіргі таңда өңіріміздің жоғары және арнаулы орта білім беретін 4 оқу орнында, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан  келген жалпы саны 1000-нан астам жоба қатысушылары білім алуда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауындағы көрсетілген басымдылықтарды жүзеге асыру, студент жастардың әлеуетін дамыту, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін 2050» әлеуметтік жобасының грант иегерлерінің арасында достық қарым-қатынасын нығайту, өзара тәжірибе алмасу, әріптестік қарым-қатынасты қалыптастыру және жобаға қатысушы студенттердің топтық бірігуін, көшбасшылық қасиеттерін арттыру мақсатында «Аламан» облыстық фестивалін өткізу дәстүрге айналып келеді. Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Ақжайық КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» –  «Серпін-2050» әлеуметтік жобасына қатысушы студенттер арасында 3 күнге созылған «АЛАМАН-2018» облыстық фестивалі өткізілген болатын. Шараның бірінші күнінде жастардың арасында  мамандықтарын насихаттап, сұранысқа ие мамандықтарды анықтау, әлеуметтік жобаларды дамыту, өңірлер байланысын нығайту мақсатында байқаулар өтіп, екінші күні салауатты өмір салтын насихаттауға арналған спорттық сайыстар, ал үшінші күні жоба қатысушылары өнер-шығармашылық байқаулары бойынша өз қабілеттерін ортаға салды. Фестивальге М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті және Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжі белсенділікпен қатысқан болатын.

Қазан айының 25 күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті қабырғасында «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында эссе жазу, «Менің әлеуметтік жауапкершілігім» атты әлеуметтік жоба қорғау, «Таңдаған өңірім-болашағым!» тақырыбында презентация жасау және «Ағылшын тілінің мамандығым үшін маңызы?!» атты топтық пікір-сайыс турнирі өткізілді.  Нәтижесінде «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында эссе жазу бойынша 1-орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Асан Жақсылық, 2-орын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінінің студенті Сағитжанов Тұрғынбай, 3-орын Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжінінің студенті Жұбатқанова Майгүл, «Менің әлеуметтік жауапкершілігім» атты әлеуметтік жоба қорғау бойынша 1-орын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Қожагелдиева Гүлжайна, 2-орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Қащиева Нұрсұлу, «Таңдаған өңірім-болашағым!» тақырыбында презентация қорғау бойынша 1-орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Оразхан Бағдат, 2-орын Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжінің студенті Қонақбай Саламат,  және «Ағылшын тілінің мамандығым үшін маңызы?!» атты топтық пікір-сайыс турнирінде 1-орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2-орын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті иемденді. «Үздік спикер» аталымы бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Өскен Динара марапатталды.

Қазан айының 26 күні «Ақжайық» спорт клубында  «Аламан-2018» облыстық фестивалінің ІІ кезеңі «Шынықсаң шымыр боларсың!» тақырыбында спорттың волейбол, шағын футбол, арқан тартыс ойындары бойынша өткізілді. Жарыстың қорытындысы бойынша қыздар аралық волейбол және ұлдар арлық шағын футбол турнирлері бойынша  1-орын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, 2-орын Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжі, 3-орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті иемденсе, арқан тартыс ойынынан 1-орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2-орын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті қанжығасына байлады.

Және қазан айының 27 күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің  акт залында шараның «Өнерлінің өрісі кең!» шығармашылық кезеңімен қорытынды марапаттау кеші өткізілген болатын. Шығармашылық байқауда қазылар алқасының төрағасы Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Сахиев Болатбек Жеткергенұлы, қазылар алқасының құрамында «Заманауи би» және «Ұлттық би» аталымдары бойынша өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент Айтқалиева Қарлығаш Дайрғалиқызы, «Эстрадалық ән» аталымы бойынша  халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, ҚР мәдени саласының үздігі әнші -композитор Кисметов Қуаныш Лабипұлы, «Ұлттық аспапта орындау» аталымы бойынша облыстық, республикалық байқауларының лауреаты, республикалық «Алтын домбыра» күй сайысының І орын иегері Бектасов Ақылбек Болатұлы, «Жайдарман» ойыны және «Көркем сөз» аталымдары бойынша «Гранд» жайдарман тобының мүшесі Садықов Бекжан қазылық еткен болатын. Нәтижесінде  «Эстрадалық ән» аталымы бойынша 1-орын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Айтуғанова Айша, 2-орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Нұрқлыш Мөлдір, «Ұлттық би» аталымы бойынша 1-орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2-орын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, 3-орын Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжі, «Көркем сөз оқу шебері» аталымы бойынша 1-орын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Нұрғазиев Әлібек, 2-орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Асан Жақсылық, «Ұлттық аспапта орындау» аталымы бойынша 1-орын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Оразалиева Нұрсұлу, 2-орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Сәтова Ақерке,  «Заманауи би» аталымы бойынша 1-орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2-орын Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжі, және «Мені шыңдаған серпін» тақырыбында  жайдарман ойындары бойынша 1-орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2-орын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жайдарманшылары иемденген болатын. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін 2050» әлеуметтік жобасының грант иегерлерінің арасында өзара тәжірибе алмасу, жобаға қатысушы студенттердің топтық, көшбасшылық қасиеттерін арттыру мақсатында өткізілген фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аталмыш шараға студент жастардың белсене қатысуына қолдау көрсеткен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің және Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжінің басшыларына арнайы алғыс хаттар табыс етілді.