«Үркер» өнер және мәдениетті қолдау орталығы екінші мәрте “JARQYRA” мотивациялық кездесуін ұйымдастырды. Кездесу спикерлері:
1. Азамат Жансейтов (Астана қаласы) – ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық шәкіртақысының иегері, Ұлыбритания, Манчестер университетінің түлегі, Ағылшын футбол ассоциясының “футбол бапкері”, ЖШС “AZ Development” директоры.
2. Нұрбигүл Егизова – Танымал тележүргізуші, әнші-актриса, жеке кәсіпкер.
3.Айнұр Базарова – ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық шәкіртақысының иегері, TED платформасының ағылшын-қазақ тілі аудармашысы, журналист.
Кездесу модераторы Шарипа Базарбаева – тележүргізуші, журналист.
Көздерінде ұшқын, өн бойында ұмтылыс бар жалынды жастарға өмір сабақтарынан ой бөлісіп, болам деген баланың бетін қақпай, белін буып, бағыт берсе деген мақсатта өткізілген кездесуде Орал қаласының жастарымен қоса, қала тұрғындары үлкен қызығушылықпен қатысты. Ерік-жігер, қайсарлық, тіл меңгеру, дұрыс мақсат қоя білу тақырыбында әңгіме өрбіткен спикерлерге көрермендер көкейде жүрген сауалдарын қойып, алғыстарын бiлдiрдi.