Қазақстанстан  Республикасының Тұңғыш Президенті  күніне арналған республикалық пікірсайыс турниріне дайындық ағымдағы жылдың қыркүйек айынан басталды. Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған пікірсайыс турнирі ерекшеліктер мен жаңашыл иделарға толы болды.

Турнирге Алматы, Шымкент, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Ақтобе, Орал қалаларынан өтініштер қабылданып қазақ және орыс лигасы бойынша 42 фракция 84 спикер қатысты. Әр қалалардан келген ұшқыр ойлы пікірсайысшыларды ваизерлер ерекше ықылас пен қарсы алды.

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттік оркестрі, Республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары рухты әндерді орындап, ерекше өнер көрсетті. Турнирдан тыс пікірсайысшылар Орал қаласының мәдени орындарымен танысты. «Бастау» коворкинг орталығында барлық қатысушыларға инттеллектуалдық сайыстар ұйымдастырылды. Интеллектуалдық сайыс барысында пікірсайысшылар топпен жұмыс істеу, ситуациялық сұрақтарға жауап беру, белгілі уақытта топтық тапсырмаларды орындап, үздік топты анықтады. Сонымен қатар турнир қатысушылары Орал қаласындағы «Мұз айдыны» спорттық кешенінде конькимен сырғанап, шынығып қайтты. Аталмыш шаралар  пікірсайысшыларға бір-бірін жақын танып, достық қарым қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді.