«Болашақ» кәсіби өсім және мансап орталығы» жобасы аясында жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған «Көшбасшылық қасиеттер» атты семинар тренинг өтті. Семинар тренинг екі бөлімге бөлінді. Бірінші бөлімін сертификатталған тренер Халелова Зульфия Рашидқызы жүргізсе, екінші бөлігін «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ БҚО филиалы, Менеджмент және маркетинг жүйелерінің сәйкестігін растау бөлімінің оқыту және маркетинг секторының меңгерушісі, тренер Елемесова Ақмарал Нұржанқызы өткізді. Тренерлер студенттердің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған арнайы тапсырмалар беріп, командамен жұмыс жасаудың тиімділігін көрсететін жаттығулар жасатты. Тренинг соңында студенттер тренермен бірге тапсырмаларды орындау барысында кеткен қателіктерін талқылап, алған әсерлерімен бөлісті.