Бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Жыл үздігі – 2018» БҚО жастар сыйлығы байқауы туралы» тақырыбында БҚО бойынша «Болашақ» Қауымдастығының директоры Салтанат Асқарқызы Тұманбаеваның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

– 2008 жылдан бері дәстүрге айналған жастарды Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу,  жастардың елдің қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық өміріне деген белсенділігін арттыру, дарынды жастарға қолдау көрсету  мақсатында  «Жыл үздігі» байқауы ұйымдастырылып келеді. Аталмыш байқау биылғы жылы  10 негізгі, 2 арнайы аталымдарынан тұрады.

Байқауға қатысу үшін құжаттар 23 қараша мен 7 желтоқсан аралығында қабылданады. Қатысушылар 14 пен 29 жас аралығында облыс жастары болуы тиіс (құжат тапсыру кезінде 28 жастан аспауы қажет). Қатысушылардың тек 2018 жылғы жетістіктері қаралады. Батыс Қазақстан облысы жастар премиясының жеңімпаздары арнайы құрылған комиссия шешімімен анықталатынын айта кеткен жөн. Комиссия құрамында байқауды ұйымдастырушылар, әр салаға сәйкес сарапшылар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар, – деді Салтанат Асқарқызы.

Самал ЖАМЕТ, БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі