2018 жылдың 23 қараша күні «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығы дәстүрлі түрде өтетін  «Жыл үздігі – 2018» облыстық жастар премиясы»  байқауын жариялады.

2008 жылдан бері облысымыздағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда, жыл бойына жастар қозғалысының дамуына белсене араласқан, әр сала бойынша  өз кәсіби шеберлігін көрсеткен жастарды анықтау мақсатында жыл сайын өтіп келеді.  10 жыл қатарынан ұйымдастырылатын «Жыл үздігі – 2018 облыстық жастар сыйлығы» 10 негізгі, 2 арнайы аталымдарынан тұрады.

 «Жыл үздігі – 2018» жастар сыйлығы келесі аталымдар бойынша өткізіледі:

  • «Үздік жас көшбасшы»;
  • «Үздік студент»;
  • «Үздік жас ұстаз»;
  • «Үздік жас ғалым»;
  • «Үздік жас өнерпаз»;
  • «Үздік жас дәрігер»;
  • «Үздік жас спортшы»;
  • «Үздік жас журналист»;
  • «Үздік жас маман»;*
  • «Үздік жас кәсіпкер».

Арнайы атылымдар:

  • «Қайсарлығы мен батылдылығы үшін»;**
  • «Жыл жаңалығы» (комиссия шешімімен анықталады).

Құжаттар 2018 жылдың желтоқсан айының 7-не дейін Ж.Молдағалиев көш. 19, 108-кабинет мекен-жайында қабылданады.

Толық ақпарат:

«Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығы:

93-35-49, 8 775 252 10 02 Ахметова Гүлзия

*Бұл аталым бойынша  құжаттар тек қана жұмысшы мамандықтарының өкілдерінен қабылданады;

**Бұл аталым бойынша құжаттар БҚО Ішкі істер департаменті, БҚО Прокуратурасы, БҚО Төтенше жағдайлар департаменті,  әскери бөлім  өкілдерінен қабылданады.

анкета 2018

ереже Жыл _зд_г_ 2018 КАЗ