30  қараша күні  «Bolashak Talks» интеллектуалдық алаңы өтті.  Шараға спикер ретінде «Болашақ» бағдарламасының түлектері Сәкен Нұртазаев, Ғайса Жумалиев, Айнұр Базарова, Ұлан Балдақов қатысты. Спикерлер кәсіпкерлік, саясат және жастар саласы бойынша сөз қозғап қана қоймай, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бағдарлама аясында оқуға құжат тапсыру, шет елдегі білім, жеке өмірлеріндегі өзгерістер арқылы спикерлер қатысушыларға шет елде оқудың мүмкіндігі әркімде бар екендігін жеткізді. Арнайы қонақтардың сөз сөйлеуінен кейін, шара қатысушылары сұрақтар қойып, нақты жауаптар ала алды.