БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысымен Алтыншы желтоқсан күні Х. Бөкеева атындағы Қазақ драма театрында «Ақжайық КВН лигасының» 1/2 финалдық ойыны өтті. Сайысқа барлығы алты команда қатысты. Олар: «Ақырап 25», «Прогресс», «Көздіғара», «Сары бүркіт», «Жайық», «Талант», «Элегант» болды. Сайысқа әділ төрелік еткен қазылар алқасының құрамында: Әділгерей Зұлхаров, Самат Қуанғалиев, Ерген Ақмырза, Нұршат Тілектесов, Жандос Габдуллин болды. Кешті өлкеміздегі белсенді жастардың бірі, жас ақын Дәурен Шамұратов жүргізді. Ойын соңын қорытындылай келе, ашық лиганың тікелей финалдық ойынына жолдаманы «Ақырап 25», «Сары бүркіт», «Жайық», «Талант» командалары алды. Аталмыш шараның мақсаты – жастар арасында мәдени құндылықтарды насихаттап, оларды рухани дамыту. «Жайдарман» арқылы өскелең ұрпақ саналы тәрбие алып, шығармашылық тұрғыдан дамып келеді. Зал толы «Жайдармансйер қауым жиналған бұл мерекелік шара өз көрермендеріне ерекше әсер қалдырып, керемет көңіл-күй сыйлады.