Тоғызыншы желтоқсан күні Х. Бөкеева атындағы Қазақ драма театрында БҚО жастар саясаты орталығының тапсырысымен “Жайдарман” қозғалысын дамыту мақсатындағы “Ақжайық КВН” лигасының финалдық ойыны өтті. “Жарасым маусымын” қорытындылай келе, жыл бойы бір саxнада өнер көрсетіп, бақ сынасқан жайдарманшылардың ішінен жүзден жүйрік болып, озып шыққан үздіктері анықталды. Сайысқа өткен 1/2 финалдық ойынан іріктеліп, финалдық бәсекеге жолдама алған төрт команда қатысты. Олар: “Ақырап 25”, “Сары бүркіт”, “Жайық”, “Талант” құрамалары. Әділ төрелік еткен қазылар алқасының құрамында айтыскер ақын – Орынбек Меңдіқұлов, “Жаңа толқын” жайдарман командасының ойыншылары – Самат Қуанғалиев пен Ерген Ақмырза, “Жас Отан ЖҚ” БҚО филиалы бойынша жетекші мүшесі – Ерлік Шамғали, Жастар саясаты басқармасының бас маманы – Әділгерей Зұлxаров болды. Ойынды облысымызға белгілі жүргізуші, белсенді жастарымыздың бірі – Дастан Сүлейменов жүргізді. Барлығы үш бөлімнен құрылған сайыстың ұпай саны бойынша озып шыққан, асқан шеберліктерімен көзге түсіп, көрерменнің шексіз ықыласына бөленген, “Жарасым маусымы – 2018” БҚО филиалы бойынша чемпион атанған – “Ақырап 25” командасы болды. Ал екінші орынды иеленген – “Шымкент КВН” лигасының биылғы чемпиондары, көрермен көзайымына айналған М. Өтемісов атындағы БҚМУ, “Талант” құрамасы иеленсе, үшінші орынды “Шымкент КВН” лигасының 1/2 финалистері, еркін құрама “Жайық” иеленді. Осындай нәтижемен жайдарманшылар тағы бір маусымды қорытындылады. Биылғы маусымның сәтті аяқталуына БҚО Жастар саясаты мәселелер басқармасына, “Ақжайық КВН лигасының” директоры мен ұйымдастырушыларына алғыс білдіреміз. Келесі маусымда жүздескенше аман сау болайық!