Отызыншы қараша күні БҚО обылысының әкімінің кубогіне арналған “Оралдық көңіл күй” атты Жайдарман фестивалі өтті. Тәжірибесі мол командалар мен жаңадан саxнаға шығып келе жатқан командалар бақ сынасты. Тәжірибелерінің аздығына қарамастан көрермен көңілінен шыға білді. Сайысқа барлығы жеті топ қатысты. Олар: “БҚМУ құрамасы”, “Еурополюс”, “Дежавю”, “Прайд”, “Жайық”, “Жаңа толқын”, “Грант”. Қазылар алқасының құрамында: “Ақжайық” телеарнасының тележүргізушісі – Тұрар Кенжеғалиев, “Назар аудар” комедия театрының актеры – Марс Жайлауов, БҚО “Жастар саясаты” басқармасының бас маманы – Нұрxат Ораш, “Жас Отан” ЖҚ-ның БҚО филиалының жетекшісі-Нұрғали Жолдасқалиев, “Ақжайық КВН” лигасының директоры- Қанат Болатұлы болды. Сайысты облысымызға белгілі, белсенді жастарымыздың бірі Азамат Демесінов тізгіндеді. Тартысты ойын соңын қорытындылай келе, қазылар алқасының шешімімен, БҚО әкімінің жүлдесін Республикалық “Жайдарман” премьер лига ойындарының финалистері “Жаңа толқын” командасы иеленді. Ал екінші орынға “Грант” командасы жайғасса, үшінші орынды “Жайық” құрамасы алды. Аталмыш шараның мақсаты – жастар арасында мәдени құндылықтарды насихаттап, оларды рухани дамыту. «Жайдарман» арқылы өскелең ұрпақ саналы тәрбие алып, шығармашылық тұрғыдан дамып келеді. Зал толы «Жайдармансйер қауым жиналған бұл мерекелік шара өз көрермендеріне ерекше әсер қалдырып, керемет көңіл-күй сыйлады.

img class=”alignnone size-large wp-image-9055″ src=”http://zhastar-07.kz/wp-content/uploads/2018/12/IMG_9798-13-12-18-05-22-1024×682.jpg” alt=”” width=”800″ height=”533″ />