“Жыл үздігі – 2018” облыстық жастар премиясы мәресіне жетті. Шараға облыс әкімі А. Көлгінов, басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Жыл бойы өз саласы бойынша талмай еңбектеніп, қатарынан оза шапқан үздіктер облыс әкімдігі тарапынан марапатталды. 12 аталым бойынша өткен байқау өңіріміздің абыройын асқақтатып, еңсесін көтерген жастарды анықтап берді.

“Жыл үздігі-2018” облыстық премиясының жеңімпаздары:
1. “Үздік жас көшбасшы” – Шамғалиев Ерлік, “Жас Отан” ЖҚ БҚОФ төрағасының орынбасары;
2. “Үздік студент” – Айша Кемешова, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 4 курс студенті;
3. “Үздік жас ұстаз” – Әлімбек Айсағалиев, Тасқала аудандық “Сәулет” мектеп лицейінің математика пәнінің мұғалімі;
4. “Үздік жас ғалым” – Дәурен Сағынғалиев, М. Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушысы;
5. “Үздік жас өнерпаз” – Жасұлан Зинеденов, Жастар шығармашылық орталығының әртісі;
6. “Үздік жас дәрігер” – Қасым Бисенғалиев, Сырым аудандық орталық ауруxананың xирург дәрігері;
7. “Үздік жас спортшы” – Нұрбол Серіков, Самбодан әлем чемпионы;
8. “Үздік жас тілші” – Назерке Тоғжанова, “Ақжайық” арнасының тілшісі;
9. “Үздік жас маман” – Армат Ғиззат, “Батыс су арнасы” ЖШС инженері;
10. “Үздік бизнес жоба” – Аина Габдуалиева, “BrandLand Marketing” ЖШС;