Бүгін, 3 қаңтар күні «BOLASHAQ»COWORKING орталығы салтанатты түрде  ашылды, бұл топтық жұмыс істеу моделі болып табылатын және жастардың жаңа бастамаларына мол мүмкіндік береді.

Орталыққа әрбір келуші қажет форматында жұмыс жасай алады. Бұнда жұмыс жасау аймағы бөлінген.  Бөлек жұмыс алаңы, жеке және топтық жұмыс аймағы, сонымен қатар «Еркін аймақ» жастар өз идеяларымен жобаларын жүзеге асыратын, «Жастарға қызмет көрсету орталығы» және  «АЯЛА» қайырылымдық дүкені,  психолог және заңгер кабинеттері орналасқан.