Өркениет: JAIYQ SMART IDEAS CLUB – бұл белсенді азаматтардың басын қосатын, бір- бірімен танысуға, жастарды жігерлендіруге, еркін пікір айтуға, тәжірибе алмасуға арналған зияткерлік алаң.

«Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда жастардың да үлесі зор. Осы орайда мақаланың жариялағанына 2 жыл толуына орай ұйымдастырылған ашық пікірталас алаңының спикерлерін таныстырсақ:

Мукашев Малик – Паратаеквандодан ҚР құрамасының мүшесі; Еуропа мен Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері: «Сұңқар» қоғамдық бірлестігінің мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жөніндегі директоры.

Н.Ә.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы; АҚШ пен Гонконгтың 11 жоғары оқу орнынан шақырту алған жас дарын.

Кенжеалиев Тұрар – Топжарған», «Бәрекелді», «Бозторғай» бағдарламаларының авторы; «Aқжайық» арнасының тележүргізушісі, тілші;  облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері.

Ишанғали назеркем – Облыстық және республикалық балет биінен чемпионы;  «JB балет» орындаушысы және балет биі бойынша жаттықтырушы.

Базарова Айнұр – ТED платформасының ағылшын-қазақ тілді аудармашысы; National Geographic басылымының аудармашысы; «Халықаралық журналистика» мамандығының магистрі; «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Тлеков Қабдол – Елімізге танымал әзілкеш, Республикалық «Жайдарман» және «КТА» ойындарының жеңімпазы; «ҚазИИТУ» КТА құрамасының фронтмэні.

Ахметов Асқар – IAESTE бағдарламасымен Швецияның SCANIA компаниясында халықаралық тәжірибе; NOVATEQ GROUP мұнай өндірісі компаниясының менеджері; «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Турешев Айбатыр – Бизнес-жаттықтырушы; “Харизматикалық шешен” сайысының жеңімпазы; шешендік өнер бойынша жаттықтырушы.

Әр спикерге берілген 7 минут ішінде қонақтарымыз өз өмір жолы, шығармашылығы жөнінде сөз қозғап, жетістікке жету құпияларымен бөлісті. Рухани жаңғыру мақаласының 6 принципіне сүйене отырып сөз алған спикер Кенжеалиев  Тұрар арманға жетудің ең басты қадамы – дұрыс жоспарлау, заманға сай болып бәсекеге қабілетті болудың маңызды екенін айтса, Ишанғали Назеркем  «кез-келген мақсатты нақтылау және оған жету үшін уақыт қою жетістікке жасалған алқашқы қадамдар»- деді.

Белгілі КВН ойыншысы, әзілкеш , Тлеков Қабдол «жетістікке жетудің ең тиімді жолы ол – арманға адалдық» – деп сенеді. Дұрыс қойылған мақсат, жақсылыққа ұмтылу және тынымсыз еңбек арманға жетудің алғышарттары екенін барлық спикерлеріміз сөзге тиек етті.

«City Centre» ойын – сауық кешеніндегі «Weekend» мейрамханасында өткен шарадан мотивация алған жастар көп болды. Шараға қатысушы жастар танымал тұлғаларға сұрақтар қойып, тұшымды жауап та ала алды.

Автор: Қауышева Айнұр