Ағымдағы жылдың 4 мамыр күні «Евразия» турбазасында Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығы  «TEAMBUILDING» өткізді.

Тимбилдингке облыстық және қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшылары мен мамандары, жастар қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері, жоғары және арнаулы оқу орындарының жастар ісі комитетінің төрағалары мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Шараның мақсаты – облыс жастарының арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жұмысқа деген ынта-жігерін арттыру.

Тимбилдингті шоумен Сергей Жужа жүргізді.