2019 жылдың мамыр айының 16 жұлдызында Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, тұрғындарды жолда жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден өтуіне кедергі жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында БҚО ПД ЖПҚ қызметкерлерімен бірлесе, «Абайлаңыз, жүргінші!» акциясын өткізді. Акция аясында арнайы белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп, ереже бұзған бірнеше жаяу жүргінші анықталып, оларға түсіндірмелік жұмыстар жүргізіліп, арнайы жолда жүру ережелері мен оны бұзған жағдайда салынатын айыппұл мөлшерлері көрсетілген ақпараттық материалдар таратылды.