Ағымдағы жылдың 16 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығы  «Болашақ» кәсіби өсім және мансап орталығы» жобасы аясында «Қазіргі әлемде менеджерлерді жеке құндылықтарға оқыту» тақырыбында облыстың жас басқарушы кадрларына арналған семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингтің мақсаты – жас басқарушы кадрлардың сапасын арттыру, олардың мансаптық өсуіне қолдау көрсету, біліктілік деңгейі мен интеллектуалдық әлеуетін арттыру.

Семинар-тренингті «Халықаралық құзыреттер академиясы» ЖШС директоры, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры, психология ғылымдарының докторы Асылбекова Лейла Өмірзаққызы жүргізді.