«JASTAR» футбол лигасы биыл екінші жыл қатарынан БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жүзеге асып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – жастардың уақыттарын тиімді пайдалана отырып, бұқаралық спортты дамыту.

16 мамыр күні «BASTAU» коворкинг орталығында «JASTAR» футбол лигасының жеребе тарту рәсімі өтті. Жеребе тарту рәсіміне лиганың ұйымдастырушысы БҚО «Студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы» ЖҚБ төрағасы Сұңғатов Жандос Әміржанұлы, БҚО футзал ассоциациясының Президенті Хабибуллин Жасын Хадербайұлы, «JASTAR» футбол лигасының бас төрешісі Мусин Марат Советұлы қатысты. Лигаға тіркелген 20 команда ойын ережелерімен, өту тәртібімен танысты. Қатысушы командалар 4 топқа бөлінді. Әр топта 5 команда біріккен. Өз топтарынан 1-2 орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтетін болады. Лиганың жалпы жүлде қоры 300 000 теңге құрайды. Бірінші тур ойындары 18-19 мамыр күндері «Юность» стадионында өтетін болады. Лиганың жеңімпазы 3 тамыз күні анықталады.