18 мамыр Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен, «Орал студенттер Альянсы» корпоративті қорының ұйымдастыруымен, жастардың назарын денсаулықты сақтау мен нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстауға шақыру мақсатында, қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Біз салауатты өмір салты үшін» атты волонтерлік акция өтті. Акция жастардың көпшілік жаттығуынан басталды. Акция барысында «Street Work Out» белсендісі Бижанов Дастан шеберлік-сыныбын өткізіп, көпшілік жастардын спортқа деген қызығушылығын оятып, «UralskRunners» негізін қалаушы Асхат Рамазанов «Бег стиль жизни» атты семинар-тренингімен жастардың жүгіруге деген құлшынысын арттырды.