2019 жылдың мамыр айында Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен РУ-170/2 және РУ-170/3 түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында спорттың арқан тартыс, кір тасын көтеру, эстафеталық жүгіру және қол күрес түрлерінен сайыс өтті. Шараға түзету мекемелеріндегі жастар өз жасақтары бойынша команда болып қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті. Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.