Ағымдағы жылдың  20 сәуір күні «Орал студенттерінің Альянсы»
корпоративтік қоры Батыс Қазақстан Облысынын жастар саясаты мәселелері
басқармасының қолдауымен «Память Поколений!» волонтерлік акциясы
ұйымдастырды. Акцияның басты мақсаты соғыс және тыл еңбеккерлерінің
ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету, жастардың бойында аға ұрпақтың
жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне деген мақтаныш сезімдерін
қалыптастыру. Осы іс-шара аясында волонтерлеріміз қаламыздағы Кузнецова
Н.К-ға  және Архипова Л.И-ға ардагерлерге азық-түліктерді жеткізіп беруге,
үйлері мен ауласын тазалап, абаттандыруға көмек көрсетіп, алғыстарын естіп
қайтты. Волонтерлеріміз осы акция соңында жүректерін үлкен мақтаныш
сезімдерінін барына және осындай шараға тағыда қатысып, ардагердерімізді
аялау басты парызы екендігін ұмытпауға шақырды.