2019 жылдың 29 мамыры күні Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығы облыстың жас басқарушы кадрларына, баспасөз хатшыларына «SOCIAL MEDIA MARKETING (SMM) оқыту тренингі: әлеуметтік желілерде идеяларды ілгерілету» тақырыбында кезекті семинар өткізді.

Семинарды «White Media» жарнама агенттігінің директоры Ринат Балғабаев жүргізді.

Семинардың мақсаты – интернетте жұмыс істеудің базалық дағдыларымен танысу. Қатысушыларды SMM құралдарын тиімді пайдалануға, тиімділіктің сапалық және сандық көрсеткіштерін бағалауға жәненегативпен жұмыс істеуге үйрету.