30 мамыр күні, «Орал» студенттер альянсы» Корпоративтік Қоры, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «STUDUNION» БҚО студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының кеңесі Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Тарихи Өлке» QUEST ойынын ұйымдастырды. QUEST ойыны барысында 5 команда қатысты. Ойын нәтижесі бойынша «Орал Гуманитарлық-техникалық колледжі» студенттері 1-орын, «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» 2-орын, «КазИИТУ жастары» 3-орын алып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар КазИИТУ командасының капитаны Айткалиева Арайлым QUEST ойынының үздік ойыншысы кубогын иеленді.