Ағымдағы жылдың 30 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен “Жас экономист” жастар қоғамдық бірлестігі “Бастау” коворкинг орталығында өңіріміздегі пікірсайысшы жастар қатарын арттыруға арналған семинар-тренинг ұйымдастырды. Аталмыш шараны тәжірибелі пікірсайысшы, республикалық пікірсайыс турнирлерінің үздік төрешісі Шайқы Ақерке Әміржанқызы жүргізді. Шара барысында пікірсайыс форматының ережесі арнайы бейнеслайд арқылы түсіндіріліп, жан-жақты әдіс-тәсілдері көрсетілді. Семинар-тренингке қатысушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, әр-түрлі мысалдар арқылы жауаптарын алды. Шара соңында барлық қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.