5 маусым 2019 ж. Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылының орта мектебінде Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша әлеуметтік жоба аясында ауданның ішкі саясат бөлімінің қолдауымен діни сауаттылықты арттыруға бағытталған «Жастардың діни білімін арттыру – заман талабы» атты семинар-тренинг өтті.

Спикерлер:

  • Гиззатов Саялбек Махамбетұлы, т.ғ.к., М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің аға оқытушысы;
  • Айдарханов Саят Кайратович, теолог-маман;
  • Омарова Баян Қонарқызы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі, эксперт-психолог.

Шараға білім бөлімінің өкілдері, сынып жетекшілері, оқытушы-дінтанушылардың қатысты. Семинар-тренинг жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру, теріс діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында өтті. Осы тақарыпқа байланысты видеороликтер көрсетіліп, тренингтер өткізілді.