5 маусым Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауыменен Батыс Қазақстан облысы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХV еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті.

Шара барысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының таңбасы жас  сарбаздарға табысталды. Сонымен қатар, жастардың командалық рухын көтеру мақсатында концерттік шара ұйымдастырылды.

Соңғы үш жылда облыс аумағы бойынша 38 000 түп ағаш отырғызылып, 130 000-га астам жер көгалдандырылған болатын.

Өңірімізде 2019 жылы «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша 1175 сарбазды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Олардың 780 сарбазы облыс аудандарында жұмыс жасайтын болады.