2019 жылдың 25 шілде күні Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолауымен Казталов ауданының жастарына пікір-сайыс семинары өтті. Шараға «Ақиқат» пікір-талас орталығының жетекшісі М.Сулейменов, Казталов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Е.Бекмолдин және аудан жастары қатысты.

Шара барысында пікірсайыстың шығу тарихы, оның маңыздылығы, пікір-сайыс форматтарының ережесі түсіндірілді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін өңірімізде өткізілетін облыстық, республикалық  пікірсайыс турнирлері жөнінде ақпарат берілді. Семинарға қатысушы жастар сұрақтарын қойып әр-түрлі мысалдар арқылы жауаптарын алды.Шара соңында әр өңірде, мектеп жанынан пікірсайыс клубтарын ашу үшін арнайы мәліметтер берілді.