“JASTAR” футбол лигасы биыл екінші жыл қатарынан БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткізілді. Басты мақсат жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және облысымызда күнделікті футболмен айналысатын жастардың санын арттыру. Биыл лигаға 20 команда, 200 –ден астам жастар қатысты. Сайсқа әр санаттағы жастар қатысты. Алғашқы ойындар 18 мамыр күні бастау алды. Барлық ойындар Юность стадионында Спорт басқармасының қолдауымен өткізілді. Лиганың ойындарына БҚО футзал ассоциациямен бекітілген тәжірибелі төрешілер қызмет атқарды.
3 тамыз күні лиганың финалдық ойындары өтіп, жеңімпаздар анықталды. 2 айдан астам уақытқа созылған турнирде қарсылас шақ келтірмеген МФК “ЖАСЫЛ ЕЛ” чемпион атанса, екінші орынды “АҚСАЙ МЕШІТІ” командасы иеленді. 3 орынға таласта УАРМ командасы АҚЖАЙЫҚ ЖАСТАРЫНАН басым түсіп жүлдегерлер қатарына қосылды.