Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен 16 тамыз күні «Орал студенттерінің Альянсы» корпоративтік қорықалалық мәдениет және демалыс саябағында «Команда қалыптастыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренинг мақсаты: қатысушылардың бір-біріне деген сенімін қалыптастыру, адамдар тобын біріктіру арқылы ортақ командалық рухты қалыптастыру және күшейту, ортақ міндеттерді шешуде әрбір қатысушының жауапкершілігін дамыту. Тренинг нәтижесінде қатысушылар эмоционалдық және физикалық рахат алып, командамен жұмыс кезінде өзінқалай ұстау керектігін үйренді.