«Жетістікке 100 қадам» жобасы аясында «Bastau» коворкинг орталығының кітапханасы жаңа кітаптармен толықты. Жоба Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығының ұйымдастыруымен 2018 жылы бастау алған болатын. Осы жылы да өз жалғасын табуда.

Жобаның мақсаты – БатысҚазақстаноблысыныңковоркинг орталықтары мен кітапханаларынкәсіпкерлікнегіздері, жеке даму, көшбасшылыққасиеттердіарттыруғабағытталғанжаңакітаптарқорыментолықтыру. Жастардыңөзін-өзідамыту, жастар арасында өз кәсібіна шуғаұмтылатын жастардың санын көбейту.

Шараның спикерлері ретінде Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы кітапханасының меңгерушісі, «bookdating_aqjaiyq» жобасының жетекшісі Бадакова Индира Маратқызы, Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстыққ ғылыми-әмбебап кітапханасының өкілі Фариза Амантайқызы шақырылды.