«Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні «Қоғаммен жұмыс» және  «Бизнесті жоспарлау» тақырыптары бойынша облысымыздың жас басқарушы кадрлары мен магистранттарға арналған семинар-тренинг өтті.

Семинарды Алматы қаласынан келген «Impact Hub Almaty»негізін қалаушы, сертификатталған фандрайзер, фандрайзинг институтының мүшесіИндира Шахжүргізді.

Семинардың мақсаты – жас басқарушы кадрлардың, жастардың  сапасын арттыру, олардың мансаптық өсуіне қолдау көрсету, біліктілік деңгейі мен интеллектуалды әлеуетін арттыру.