4 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «STUDUNION» студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Кеңес жұмысына жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Әділгерей Зұлхаров, Орал студенттері альянсының көшбасшысы Муса Кунеев, «STUDUNION» студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары кеңесінің төрағасы Самат Рахымғалиев, жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының студенттік ректорлары мен президенттері қатысты.

Кеңес барысында ұйымның жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасақталып, таныстырылды.
Кеңес жұмысының негізгі бағыты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолауын талқылау болды. «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Президент жолдауы жастарға жаңа серпіліс бергені анық.

Утебалиева Айнаш, Ж.Досмұхамедов атындағы педогогикалық колледж студенті: «Болашақ педагог ретінде Президент жолдауында айтылған мұғалімдер жалақысының өсуі, жастарға тұрғын үй мәселесі, «Дипломмен ауылға» жобасын әр қарай дамыту жөніндегі тапсырмаларды зор ықыласпен қабылдадым. Туған жеріме барып қызмет жасау маған ұлкен мотивация болары анық. Және келер жыл «Волонтерлар жылы» деп жарияланғаны да жастарға үлкен серпіліс берді».